|
22.12.2020 | 15:24
5009

Алматыда «Ғажайып аяз ата» акциясы басталды

Қазіргі уақытта қала еріктілері 59 жастан асқан 700-ден астам жалғыз басты зейнеткерге жаңа жылдық сыйлықтар ұсынуды жоспарлап отыр

Алматыда «Ғажайып аяз ата» акциясы басталды открытые источники

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қала еріктілерінің «Ғажайып аяз ата» жаңа жылдық мерекелік акциясын өткізу бойынша онлайн-брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Брифингке Алматы Мейірімділер клубының өкілі Мадина Мырзахметова, Қазақстан Еріктілер лигасының Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева, Лидер.Кз өкілі Блац Дильмира, Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі Ибрагимова Ләззат қатысты.

Акция Алматы қаласының жалғыз басты қарт адамдарына арналған және 2 кезеңнен тұрады: 23-25 желтоқсан аралығында еріктілер азық-түлік жинап, өлшеп-орайды, одан кейін 30 желтоқсанға дейін зейнеткерлер үшін азық-түлік пен мерекелік сыйлықтарды таратып, жеткізіп беру ұйымдастырылады.

Акцияны қолға алғандар жаңа жыл қарсаңында, өкінішке қарай, жалғыз қалған ата-әжелерге жақсы көңіл-күй сыйлау керек деп санайды. Дәл осы себепті таңдау адамдардың осы аудиториясына түсті.

«Біз, Алматы еріктілері, Жаңа жыл қарсаңында „Ғажайып Аяз Ата“ акциясын ұйымдастырмақшымыз. Осы акция аясында біз Алматыдағы жалғыз басты зейнеткерлерге ерекше назар аударып, оларға жаңа жылдық сыйлықтар беруді жоспарлап отырмыз. Акция бүгіннен басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Акцияға кез-келген адам қатыса алады», — деді Мадина Мырзахметова.

Еріктілер осы сынды акциялар арқылы қарт адамдарға көмек көрсету оларға үлкен рахат сыйлайтынын айтты.

«Менің әріптесім айтқандай, науқанның басты мақсаты – қаламыздың жалғыз басты зейнеткерлеріне аз да болса көңіл бөлу. Адам ерікті ретінде бір іс жасаса, ол өзінің дұрыс істі қолға алғанын сезінеді. Бұл сіздің немен айналысатыныңызға және нені жақсы көретініңізге қатысты емес – бұл бізге қажет сезім», — деп толықтырды Блац Дильмира.

Қазіргі уақытта қала еріктілері 59 жастан асқан 700-ден астам жалғыз басты зейнеткерге жаңа жылдық сыйлықтар ұсынуды жоспарлап отыр. Акция барысында бұл сандар өсуі мүмкін. Айта кету керек, барлық қала тұрғындары, кәсіпкерлер және барлық бей-жай қарамайтын адамдар осы акцияға қатысып, өз үлестерін қоса алады. Сыйлықтар мен азық-түлік өнімдері Байтұрсынов көшесі, 22 к1 мекен-жайы бойынша қабылданады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир