Ақтөбеден Қостанайға жолға шыққан ер адамның көлігі тоқтап қалған. Оған боран мен қардың арасында 28 сағат болуға тура келген, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі paryz.kz-ке сілтеме жасап.
«Костанайские новости» басылымынның хабарлауынша, 23 ақпанда Федор Попов өзінің көлігімен Ақтөбеден іссапардан қайтып келе жатқан. Қостанайға дейін 200 шақырымдай қалған. Ливановкада сағат 16:30-да көлігіне толтырып бензин құйған. Осылай істесе, бір жағдай болып, жолда қалып қойса, таңға дейін шыдаймын деп ойлаған. Тағы 26 шақырым жүрген соң ештеңе көрінбей қалған. Жолда тоқтауға тура келеді. Навигатор Денисовкаға дейін бар болғаны 24 шақырым қалғанын көрсеткен. Бірақ жарты сағаттан кейін машинаның ауа кіретін жерін қар жауып тастайды. Көлік іші салқындай бастаған.
«Тоңа бастағанымды сездім. ТЖ-ға, полицияға, әйеліме қоңырау шалдым. Тоңып қалмас үшін компрессоры бар құрал дорбаны пайдаланып, 15 минут сайын пресс жасадым. Қан жүгірту және ұйықтамау үшін. Көлікте минус 24 градус. Аяғым қатты қатып қалды, машинада жүрмейсіз ғой. Оларды уқалауға кірістім, одан да жаман болды, қолым тоңып қалды. Содан кейін құрысулар басталды, аяғым ұйи бастады», – деп еске алады жолаушы.
Федор Алексеевичте су да, тамақ та болмады. Автомобиль әйнегінен қарды тырнап жеген.
«Сағат 9-да Қамыстыдан қоңырау шалып «Кешіріңіз, біз келе алмаймыз, жолды тазалау үшін арнайы техника жоқ. Жолдар жабық, тек таңертең тазалаймыз деді. Мен не істеймін, жігіттер, деп сұрадым. Олар маған біз Денисовкаға қоңырау шаламыз, мүмкін солар келеді деп жауап берді. Бірінші рет есімді жоғалтқаннан кейін әйелім мен балаларыма қоңырау шалып, қоштастым: «Абыржымаңдар, мені кешіріңдер!» – деді ол.
Көмек таңертең емес, тек 28 сағаттан кейін келді. Жолды бұзған КамАЗ-дың артынан жедел жәрдем көлігі келді. Федор Попов Денисовка аудандық ауруханасына 25 ақпанда 00.15-те жатқызылды. Емдеуші дәрігер хирург Сергей Николаевтың айтуынша, науқас аяғындағы ауырсынуға, жансыздануға шағымданды. Табанында аяздың барлық белгілері бар. Саусақтары көгерген. Дәрігерлер оның аяғын кеспеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
«Егер ол пресс жасап, жаттығулармен жылынуға тырыспаса, ол ұйықтап кетіп, қайта оянбайтын еді. Суық көлікте бір күннен артық болу деген сұмдық қой! Менде мұндай науқастар болды, бірақ олар одан аз уақыт болған. Дегенмен тәуекелге бармауға кеңес беремін», – деді Сергей Николаев.