Қазақстан-Қытай шекарасында 2 мың көлік кезекте тұр

unn.com.ua
unn.com.ua
Шекара арқылы бірінші кезекте қытай тарапына гуманитарлық жүктерге жіберілетін экспорттық тауарлар мен тасымалдаушылар, сондай-ақ тасымалдауға арналған келісім-шарттары бар тасымалдаушылар өткізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілі Қазақстан-Қытай шекарасындағы кезектер себептерін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қытай тарапы пандемия басталғаннан бері шекарада санитарлық бақылаудың күшейтілген шараларын енгізді және көлікті күнделікті өткізу 20 бірлікке дейін қысқарды.

«Бұл "Нұр жолы" өткізу пункті ауданында көліктердің күрт жиналып, күнделікті Қазақстаннан Қытайға шығу үшін 1800 автокөлік құралының кезекте тұруына әкелді. Топталу мәселесін шешу үшін бірқатар шаралар қабылданды, оның ішінде қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қабылданатын көлік саны күніне 20-дан бастап 100 бірлікке дейін ұлғайтылды», – делінген хабарламада.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын уақытша жабылған "Қалжат", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттері ашылды. Алайда тауарлар мен көлікті өткізу қытай тарапынан өткізу пункттерінің жабылуына байланысты жүзеге асырылмайды.

«Үкімет деңгейінде қытайлық тасымалдаушылардың кіруі және шекара маңындағы көлік-логистикалық орталықтарға тауарларды ауыстырып тиеу мүмкіндігі көзделген ҚХР-мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Қытайлық жүргізушілер енді визасыз режімде 24 сағатқа өткізу пунктінің аумағына кіре алады.

Сонымен қатар, Қытайға экспортқа өнімдерді өткізетін отандық экспорттаушылар үшін "жасыл дәліз" құрылды. Оларды өткізу кезектен тыс жүзеге асырылады. Осылайша, шекарада көліктің топталуын азайтуға бағытталған барлық мүмкін шаралар қабылданды, оның ішінде Үкіметтік деңгейде Қытай Мемлекеттік кеңесіне Қытаймен тауар айналымын ұлғайту жөніндегі ұсыныстармен үндеу жолданды», – делінген хабарламада.

Қытай тарапы тауарларды өткізудің жаңа тәртібін келіскеннен кейін шекара арқылы өткізілетін көлік санының күніне 200 бірлікке дейін артуы және тиісінше топталудың төмендеуі күтіледі.

Алайда, биыл 20 шілдеден бастап Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Қытай Қазақстан тарапынан көлік қабылдауды күніне 10 бірлікке дейін қысқартты.

Шекара арқылы бірінші кезекте қытай тарапына гуманитарлық жүктерге жіберілетін экспорттық тауарлар мен тасымалдаушылар, сондай-ақ тасымалдауға арналған келісім-шарттары бар тасымалдаушылар өткізіледі.

«Кезек күтетін автокөлік құралдарының негізгі көпшілігінде тасымалдауға арналған келісім-шарттар жоқ және ҚХР тарапынан тапсырыс алу үмітімен Қытайға кіруді күтуде.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін және ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауарларды әкелу көлемінің 18 пайызға артқанын атап өткен жөн», – деді Мемлекеттік кірістер комитеті өкілі.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 30 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік органдарының ШҰАА Халық Үкіметімен келіссөздері өтті.

«Кезекті күтетін жүргізушілердің шамамен 80 пайызы шекаралас елді мекендердің тұрғындары екенін ескере отырып, үш апта ішінде электрондық кезекті ұйымдастыру бойынша арнайы мобильді қосымша әзірленеді және жүргізушілер үйден онлайн режимде кезекті бақылай алады.

Осыған байланысты, экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды логистикаға байланысты ықтимал тәуекелдерді ескеруге және контрагенттермен тауарларды өткізу және келісімшарттар жасасу мәселелерін алдын-ала пысықтауға шақырамыз», – делінген хабарламада.

Новости партнеров