Алматылықтарға құлаққағыс! Бүгін түнгі 22.00-ден таңғы 07.00-ге дейін шаһардың бірнеше учаскесінде суық су өшеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәлірек айтсақ, Байзақов - Үлкен Алматы өзені - Райымбек даңғылы мен Төле би көшесі; Райымбек - Күдерин - Бродской - Федоров көшелері аралығы және Немирович-Данченко мен Фадеев көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен ғимараттарға су беру тоқтатылады. Жаңа құбырларды магистралды су жүйесіне қосу үшін аталған жерлерге шектеулер енгізіліп отыр. Осы ретте мамандар құрылыс жұмыстары біріккен соң кейбір учаскелерде желілердегі су қысымын реттеуге байланысты уақытша үзіліс байқалуы мүмкін екенін ескертіп жатыр.
1. Байзақов көшесі - Үлкен Алматы өзені - Райымбек даңғылы - Төле би көшесі
2. Райымбек даңғылы - Күдерин көшесі - Бродской көшесі - Федоров көшесі
3. Немирович-Данченко көшесі - Фадеев көшесі