Алматыда мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде: 13 іс сотқа жетті

открытые источники
открытые источники
8 қараша мен 3 желтоқсан аралығында 504 мониторинг шаралары жүргізілді, оның барасында мониторинг жүйесіне кіретін жалпы саны 4108 нысан қамтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Карантин режимі тәртібінің және санитарлық-эпидемиялық нормаларының сақталуын бақылайтын Алматының 32 мониторингтік тобы күн сайын заңбұзушылықтарды анықтауда, деп хабарлайды Almaty.tv.

8 қараша мен 3 желтоқсан аралығында 504 мониторинг шаралары жүргізілді, оның барасында мониторинг жүйесіне кіретін жалпы саны 4108 нысан қамтылды. Соның нәтижесінде карантин шараларын бұзудың 945 фактісі анықталды.

Сонымен қатар, мониторингтік топтардың жұмысы демалыс күндері күшейеді: шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтау мақсатында кейбір жекелеген жерлерді қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

Мониторингтік топтар жүргізген тексерістер нәтижесінде келесі шаралар қабылданды: карантин шараларын сақталмағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 770 хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 67,5 млн тг заңды тұлғаларға 170 және жеке тұлғаларға 530 айыппұл салынды. Жүйелі бұзушылықтар бойынша 13 материал сотқа берілді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аудандар бойынша төмендегідей материалдар жіберілді:

- Медеу ауданында 9 шұғыл хабарлама бойынша  5 материал («Манана» мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС, «Централ» дәмханасы, «Hookah Dreams» лаундж-бары, «Небо» ресто-бары);  

- Түрксіб ауданы бойынша 3 материал («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р. М. ЖК, «Прованс» дәмханасы);

- Алмалы ауданы бойынша 3 материал («Арагоста», «Дегирмен» дәмханасы, «Дореми» караокесі);

- Әуезов ауданы бойынша 2 материал («Мята» лаундж-бары, «Алматы» караоке-бары).

Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар аумақтық прокурорларға ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-тармағы бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беріп, іс қозғау үшін беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылардың жауапкершілігі ұйымның қызметін тоқтатуға дейін қарастырылған.

Новости партнеров