Қазақстанда заңсыз салынған құрылыс нысаны заңдастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар заң жобасына өз ұсыныстарын қосып, Мәжіліске қайтарды. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген ғимараттарды заңдастыру мерзімін 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту ұсынылып отыр. Сонымен қатар осы заң аясында пәтер иелері коперативінің жұмыс істеуін 1 жылға ұзарту көзделген.
«Көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімдерін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту. ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту және оның негізгі өкілеттіктерін айқындау, Ұлттық ғылым академиясының академигі ұғымын бекіту және зейнет жасына жеткен кезде оған өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеуді енгізу құқығын беретін нормалар қарастырылға», – деді ҚР Парламенті сенатаның депутаты Ерік Сұлтанов.