Орал әуежайының атауы өзгеруі мүмкін
wikiwand.com
Әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Орал» Халықаралық әуежайы» ЖШС атауын Мәншүк Мәметова атындағы әуежай деп өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
20 қазанда өткен сессияда тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскенін хабарлады.
«Олар әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс жолдады. Әуежайға кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын», – деп Ғаниеваның сөзін келтірді «Мой город» порталы.
Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35