|
16.12.2020 | 15:54
1736

Елімізге танымал қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының өкілдері халықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жер бетінде тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ

Елімізге танымал қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының өкілдері халықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жер бетінде қай мемлекет болмасын тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен ел егемендіктің қадірін жақсы біледі. Көк байрағы көкте желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Осылай деп елімізге танымал қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының өкілдері барша жұртқа құттықтау жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті қауым, қадірменді қазақстандықтар! Сіздерді ең ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен қыұттықтаймын! Мәңгілік ел болып, ашық аспан астында береке-бірлікте болып,  алға қарай ұмтыла берейік», – деді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.

«Бұл күн өте қиындықтармен келген. Ынтымақ-бірлікте болайық. Халқымыз аман, Тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұазақ болсын!» – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Байғали Есенәлиев.

«Кеудемізде қалды сонда жанды үміт,

Бүгін міне жарып шықты жаңғырып.

Айналайын, бүгін келген азаттық,

Жасай берсін мәңгілік!» – деді ақын, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Аманғазы Кәріпжан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир