Еліміздің 14 аймағында дауыл тұрады

Еліміздің 14 аймағында дауыл тұрады
Төтенше жағдайлар министрлігі дабыл қақты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің 14 аймағында дауыл тұрады. Төтенше жағдайлар министрлігі ел аумағында секундына 15-тен 28 метрге дейін болатын қатты жел соғады деп дабыл қақты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше Нұр-Сұлтанда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Қатты жел тұрады. Сондай-ақ, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарын тұман басады. Жауын-шашын мен қар жауып, көктайғақ болады. Ал Алматы, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында секундына 25-28 метрге дейін жел тұрады. Осыған орай төтеншеліктер барынша қауіпсіздік сақтауды сұрайды. Мамандар дауыл соққанда есік-терезелер қатты бекітіліп, балкондардағы артық заттар алынуы қажет екенін айтады. Сондай-ақ көшедегі түрлі құрылғыдардан, ғимараттардан, электр желілері мен ағаштардан алыс жүруді ескертеді.  

Новости партнеров