Қазір олар үйінде отыр: Тұрым Алагөзов Ухань қаласында тұратын қызы жайлы айтты

u-f.ru
u-f.ru
Соңғы мәліметтер бойынша, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, АҚШ, Канада және басқа да елдерді қосып алғанда, бүкіл әлемде коронавирусты жұқтырудың 4474 жағдайы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан композиторы әрі дирижер Тұрым Алагөзов (продюсер Баян Алагөзованың қайын атасы) желіде коронавирустың жаңа түрі шыққан Қытайдың Ухань қаласында қызы мен күйеубаласы қалып кеткенін жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Індет ошағы – Уханда Тұрым Алагөзовтың асырап алған қызы отбасымен бірге тұрады екен. Оның күйеуі және екі баласы бар.

«Уханда менің қызым Тоня күйеуі және ұлдарымен бірге тұрып, жұмыс істеп жатқанына міне 12 жыл. Өзге балаларым да, өзім де олармен үнемі байланысқа шығып, хабарласып тұрамыз. Қазір олар үйінде отыр, көптеп тамақ алып алған. Аса бір қажеттілік болмаса көшеге шықпайды. Қатты уайымға салынбаған, күнде жаттығу жасайды, барлық санитарлық талаптарды орындайды. Құдай сақтасын оларды! Олар үшін бізбен бірге дұға етіңіздер!!! Мен сіздерді жақсы көремін», - деп жазды Алагөзов өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Соңғы мәліметтер бойынша, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, АҚШ, Канада және басқа да елдерді қосып алғанда, бүкіл әлемде коронавирусты жұқтырудың 4474 жағдайы тіркелген. Жалпы, инфекциядан 106 адам қайтыс болды.

Новости партнеров