|
15.02.2021 | 16:53
4147

Зейнет жасындағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз ететін жоба

Алматының Медеу ауданында әлеуметтік клуб ашылды

 Зейнет жасындағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз ететін жоба Almaty.tv

Медеу ауданында әлеуметтік клуб ашылды. «Шыңға өрлеу» орталығы зейнеткерлер мен балалардың уақытын тиімді өткізуге бағытталған. Мұнда қарт кісілер жұмыспен қамтылып, көп балалы отбасының жеткіншектері тегін білім ала алады. Клубтың ашылуына әріптесім Назерке Байтөлеуова барған еді. Толығырақ Almaty.tv тілшісі баяндасын.

«Шыңға өрлеу» жобасының тиімді тұсы – зейнет жасындағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету, сонымен қатар аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға тегін білім беру. Осылайша қарт кісілер жұмыспен қамтылып, жеткіншектер уақытын бос өткізбей білім алуға жұмсайды дейді бастамашылар.  

«Жалпы жобаның ең басты мақсаты – біздің ата-әжелеріміздің, үлкен кісілердің кішкентай бүлдіршіндерге беретін үлкен тәрбиесі, тәлім-тәрбиесі деп санаймыз. Себебі көпбалалы жанұядағы ата-аналардың балаларға сабағымен үлгермей жатуына осы клубтың үлкен үлесін көрсетеді, көмегін көрсетеді», – деді «Шыңға өрлеу» клубының директоры Шоқан Болатбеков.

Орталықта қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, математика пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар музыка, шахмат, би, сурет, компьютер білімін арттыру үйірмелері бар. Елімізге аты мәлім қоғам қайраткерлері де осында еңбек етеді.

«Шыңға өрлеу» деген клубта «Сахна шеберлігі» деген сабақ беріп жүрмін. Біріншіден, онлайн сабақ болған. Енді олар бітіргенде «шығармашылық кеш» өткіземіз. Балаларға да келемін, онлайн сабақ беремін», – деді ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағанбетова.

240 балаға арналған орталықта шығармашылыққа жетелейтін түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Шахмат, музыка, сурет салу өнерін меңгеруге ниет танытып жатқандар аз емес. Себебі адамның шыңға өрлеу жолы дәл осындай үйірмелерден басталады.

Сонымен қатар жарты ғасырға жуық тәжірибесі бар 12 ұстаз бастауыш сынып оқушыларына сабақ береді. Мұндай бастама өскелең ұрпақ арасына алтын көпір орнатуға бірден-бір себепкер дейді.

«Мына «Шыңға өрлеуді» ұйымдастырған жобаны ұйымдастырған бауырларға көптен-көп рахмет айтқым келеді», – деді оқытушы Қарлығаш Хасенова.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға өте тиімді жоба жақын арада еліміздің басқа өңірлерінде де ашылмақ. Бүгінде Алматының 6 ауданында әлеуметтік клуб жұмыс істеп тұр.  

Назерке Байтөлеуова, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир