Алматы полицейлері кәсіби мерекеге арналған жаңа бейнебаян ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Полиция – мақтаным» әнін Алматы қалалық Полиция департаменті ансамблінің солистері Қайрат Игліков, Жұлдыз Өскембаева, Мұрат Тоқашбаев және Гүлниза Жұмажанова орындады.
Әннің сөзін Әсет Бейсеуовтің музыкасына Әбдірахман Асылбеков жазған.
«Бейнеклиптің түсірілімі Алматының жарқын көрінісі болып саналатын Медеуде өтті. Департаменттің жаңартылған телестудиясы базасында монтаждау кезінде музыкаға азаматтардың тыныштығын күзететін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және қылмыспен күресетін біздің қызметкерлеріміздің күнделікті өмірінен кадрлар қосылды. Жағымды көрініс болсын», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.