Алматыда ит пен мысыққа құтыруға қарсы вакцина салынады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Биыл 15 мың ит пен мысыққа тегін чип орнатылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл 36 мың ит пен 8 мың мысыққа құтыруға қарсы вакцина салынады. Сондай-ақ үй жануарларын гельминтсіздендіру жоспарланып отыр. Осындай алдын алу жұмыстарының арқасында соңғы 30 жылда Алматыда құтыру ауруын жұқтыру жағдайлары тіркелмеген. Бұл туралы қалалық ветеринария қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі


Сонымен қатар қараусыз қалған жануарларға ізгілік таныту жұмыстары жүруде. Биыл 2 наурыздан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның күшіне енуіне байланысты ауланған үй жануарларын, егер инфекциялық ауру мен агрессиялық белгілері болмаса, оларды өлтіруге тыйым салынады.

«Егер де ит қауып алса, жедел түрде жарақат пунктіне жүгіну керек. Сол жерде көмек алып, иттің құтыру аруруы бар жоғы, бақыланады», – деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы Әйгерім Жақсылық.

Бұдан бөлек биыл 15 мың ит пен мысыққа тегін чип орнатылмақ. Бұл шара үй жануарларының есебін жүргізуге және құтыру ауруына қарсы екпе салдыруға ықпал етеді. Бүгінде қалада 140 мыңға жуық үй жануары ресми тіркелген.

«Кез келген қала тұрғыны біздің +77085956401 нөмірлі колл-орталыққа хабарласып, өтініш беруіне болады. Чиптеу - бұл жануарларды электрондық бірдейлендіру. Онда жеке 15 таңбалы сан болады. Микрочип жануардың терісінің астына енгізіліп, өмір бойы өзімен қалады», – деді «Қалалық ветеринарлық қызмет» КМК басшысы Әдіс Сейдақматов.

Новости партнеров