Абай облысындағы өрт кезінде көз жұмған тракторшыға қандай көмек көрсетіледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысындағы өрт кезінде өлі табылған тракторшы құрбандар қатарына кірмейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жақындарына қолдау көрсету шаралары облыс әкімдігінің құзыретіне жатады. Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Ал аптаға жуықтаған алапат өрттің шығынын әзірге есептеу мүмкін емес. Келтірілген залалдарды тиісті комиссия тілсіз жау толық сөндірілген соң есептейді.  

«Тракторшы азамат өрт кезінде қамқоршы ретінде көмектесіп, дүниеден өтті, сол себепті  төлем беріледі. Қосымша қаражат «Қазақстан халқына» қорынан төленеді, ол мемлекеттік бюджетте қарастырылмаған. Қанша сома төленеді, оны өздері қарастырады», – деді  ҚР Премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оқи отырыңыз: Орман өртінен емес, жүрек дертінен: Абай облысындағы тракторшы өлімінің мән-жайы анықталды

Новости партнеров