Қазақ тілін сүй, қатесіз жаз: 15 желтоқсанда республикалық деңгейде онлайн диктант өтеді

kazaknews.kz
kazaknews.kz
Алматыда ауқымды аудиториясы бар stan.kz сайты «диктант» жобасын қолға алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ тілін сүй, қатесіз жаз! Алматыда ауқымды аудиториясы бар stan.kz сайты «диктант» жобасын қолға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республикалық деңгейдегі онлайн шара 15 желтоқсанда өтеді. Жоба таңғы сағат 08.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Шараға қазақ тілін сүйетін, қатесіз жазып үйренгісі келетін немесе жаза алатынын дәлелдемек ойы бар азаматтар қатыса алады. Ол үшін сайттың ішінде арнайы парақша дайындалады. Ал мәтінді елге белгілі спикерлер оқиды. Қатысушылардың әр жұмысына баға қойылып, сертификат электронды поштасына жолданады.

«Қазақша жазатындардың санын көбейту және қазақша жазып ғана қоймай, сауатты жазатындардың санын арттыру мақсатымыз. Өйткені диктант жазған кезде өзіміздің қателерімізде көре аламыз. Ол орфографикалық болсын, пунктуациялық болсын. Сертификатта қанша қате жіберді? Пунтуациялық қатені де көрсетеміз. Сонымен қатар, филологтардың консультациясын да қоса ұсынамыз», – деді Stan.kz сайтының даму бойынша директоры Жазира Байдалы.

Новости партнеров