ҚР Тұңғыш Президенті саябағына 100 түп бөртегүл отырғызылды

ҚР Тұңғыш Президенті саябағына 100 түп бөртегүл отырғызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда Жас натуралистер станциясының белсенділері ҚР Тұңғыш Президенті саябағына 100 түп бөртегүл отырғызды, деп хабарлайды Жасыл экономика басқармасы.

Жас натуралистер станциясының белсенділері бірнеше жыл қатарынан қала тұрғындарына арнап бөртегүл көшеттерін өсіріп келеді.

«Отырғызылған бөртегүл көшеттері танымал жерлестеріміз, селекционер-ғалымдар Дзевицкийлердің коллекциясынан алынған. Олар өмірлерінің 50 жылдан астамын осы бөртегүлдің жаңа сұрпын өсіріп шығаруға арнаған. 70-80 жылдары олар Алматыны көгалдандыруға өз селекцияларынан 6000 астам бөртегүл көшетін және 2500 бұтағын берген. Сол жылдары бүкіл қала бойынша бөртегүл егілген», - делінген хабарламада.

Келер жылғы көктемде бөртегүлдің көшеттері гүлдеп, хош иіс сыйлайтын болады.

Сонымен қатар, биыл көктемде қалада 12 000 ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр.




Новости партнеров