Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап полицейлер жаңа форма киетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Orda.kz сілтеме жасап.
"Біз форманы биыл күзде бекіттік. Әрине, олар бір күнде тігілмейді, сондықтан біз конкурстық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік сатып алулар арқылы 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін тігіліп, дайын болады деп болжаймыз. Сол күннен бастап көптеген өңірлерде патрульдік қызметкерлер жаңа формада жұмысқа кіріседі", – деді Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, жаңа формамен бірінші кезекте патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар қамтамасыз етіледі.
"Қосымша қаражат талап етпейміз. Ескі форма әлі бар, жаңа форма бірте-бірте бөлінеді. Екі жылдың ішінде біз бүкіл Ішкі істер министрлігінің формасын өзгертеміз", – деді министр.