Алматыда Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары жыл қорытындысын шығарды

Алматыда Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары жыл қорытындысын шығарды
Л. Ибрагимова Алматы қаласы бойынша Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының орындалуына ерекше назар аударды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық мәслихатындағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылғы жұмысының нәтижесі шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Алматы қалалық мәслихатындағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ләззат Ибрагимова 2021 жылы партия фракциясының түйінді отырысында депутаттар жұмысының қорытындысын туралы баяндады.

Л.Ибрагимова Алматы қаласы бойынша Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының орындалуына ерекше назар аударды.

«2021 жыл маңызды қоғамдық-саяси шараларға толы болды. Жұмыс нәтижесі: есепті жылы депутаттық фракцияның 5 жиналысы өткізіліп, 15 мәселе қаралды. Бұл бірыңғай цифрлар сияқты көрінуі мүмкін, бірақ олардың әрқайсысында бүкіл депутаттық корпус пен партияның қалалық филиалының орасан зор, тынымсыз еңбегі бар. Жалпы Жол картасы 32 нысаналы индикатор мен 506 жобаға қол жеткізуді көздейді, 2021 жылы 410 іс-шара орындалды, бұл жалпы санның 32,2%», – деді Алматыдағы «Nur Otan» фракциясының жетекшісі Л.Ибрагимова.

Сонымен қатар жыл басында партияның қалалық филиалы жанынан 11 қоғамдық кеңес құрылды. Барлығы 95 отырыс өткізіліп, 200-ден астам мәселе қаралды.

Мәселен Алматы қаласының Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, депутат Шухрад Шардинов төрағалық еткен кеңестің жұмысы туралы хабардар етті.

«Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес партияның Алматы қалалық филиалымен бірлесіп, Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуына тұрақты негізде бақылау және мониторинг жүргізуде. Бүгінгі таңда Кеңес 10 отырыс өткізіп, онда 19 мәселе қаралды. Кеңестің осы бағыттағы жұмысы жалғасуда және кеңес мүшелері мен партияның қалалық филиалы басшылығының бақылауында», – деп атап өтті Ш. Шардинов

Қорытындылай келе, Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев депутаттардың назарын депутаттық корпустың ашықтығы мен айқындығын арттырудың маңыздылығына аударды.

«Елбасы, партия көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша келесі жылдың ақпан айынан бастап нұротандық депутаттардың рейтингі жария форматта өткізілетінін еске салғым келеді. Барлық жаңашылдықтарды ескере отырып, партиялық қызметті күшейту қажет. Сіздердің әрқайсыңыз біздің мегаполистің дамуына елеулі үлес қостыңыз деп толық сеніммен айтуға болады. Барлық партиялық бастамалар мен алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру нақты істер партиясының басты басымдығы болып табылады. Депутаттық фракцияның барлық мүшелері әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жұмысты жауапкершілікпен жалғастыратынына сенімдімін»,  деп түйіндеді М.Отыншиев.

Новости партнеров