Еркежан Жолдасова 20 жасында мобильдік қосымша негізін қалады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ұялы қосымша алғашқы күннен-ақ әлем алпауыттарының арасында 8-орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 жасар қазақстандық ару әлемдік мобильдік қосымша жасап шығарған. Алматылық Еркежан Жолдасова негізін қалаған ұялы қосымша – қазір дүниежүзінің 166 елінде танымал. Платформа болашаққа жоспар құрып, мақсатқа жетуге ынталандырып, түрлі дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Ұялы қосымша алғашқы күннен-ақ әлем алпауыттарының арасында 8-орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«18 жасымда қазақ мектебін бітірген соң, бакалавриат үшін Еуропалық одақтан оқуға грант жеңіп алдым. Сол уақытта поляк, неміс, ағылшын тілдерін үйренуге кірістім. Бірінші курста өзімді жан-жақты дамытып, жаңа дағдыларды меңгере бастадым», – деді компьютерлік ойындар құрастырушы Еркежан Жолдасова.

Еркежанның негізгі мамандығы – компьютерлік ойындар құрастырушы. Қазір оның WeBridge атты компаниясы бар. Онымен қоса Шенген аймағында тамақтану, консалтинг, білім беру салалары бойынша көтерме және бөлшек саудамен айналысады екен. Алматы қаласының тумасы қазір Польша астанасы Варшавада тұрып жатыр. 

Новости партнеров