Мәжіліс депутаты алматылық кәсіпкерлермен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол жиһаз жасайтын кәсіпорынның ашылуына қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жас кәсіпкерлер үшін қолдау көп. Осылай деген Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматыдағы жиһаз жасайтын кәсіпорынның ашылуына қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол бүгін еңбек ұжымымен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Бірін тұрғын үй алу мәселесі алаңдатса, енді бірін әлеуметтік бағыттағы сұрақтар толғандырды. Олар ас үйге арналған шкаф мен қонақ бөлмеге қажетті жиһаздарын жасайды. Отандық өнімді дамытуға атсалысып жүрген Бөкенай әулеті бүгінде 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың көбі жастар.  

«Мұндағы ұжымның басым бөлігі жастар болғандықтан мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде баспанаға қатысты бағдарламаларды арнайы мамандарды шақырып, ақпаратты жіті түсіндіретін жұмыстар жалғасатын болады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов.

«Байбесік ауданында 40-қа жуық кәсіпорын бар. Коммерциялық бағытта Үкіметтен қолдау көрсетсе, субсидия қарастырып мүмкіндік берсе деген өтініш бар», – деді кәсіпкер Айжарық Бөкенайұлы.  

Новости партнеров