Алматыда «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» атты қайырымдылық акциясы өтті. Орталық мешітте ұйымдастырылған шара аясында аз қамтылған отбасыларға 1000 мектеп сөмкесі таратылып, көмек көрсетілді. Оның ішінде Жусан операциясымен елге оралған 30 жанұя бар. Айта кетейік, қайырымдылық акциясы онлайн форматта болғандықтан, мешіт қызметкерлері үйлеріне апарып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«8 аудандағы мешіт, жамағат бұған жұмылдырылып отыр. Барша атсалысқан азаматтарға Алла разы болсын дегіміз келеді. Жаңа басталған оқу жылы бүлдіршіндеріміз үшін пайдалы әлі білімге толы болғай», – деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан.
Одан бөлек атаулы акцияға белгілі блогерлер мен вайнерлер де қатысып, өз үлестерін қосты.
«Мен бұл акция туралы 10 күн бұрын білдім. Естіген бойда ойланбастан әлеуметтік желілерде хабарландыру жасап, оқырмандарыма құлағдар еттім. Сондықтан да осы қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандарға алғысым шексіз», – деді блогер Азимжан Саидбаев.