Алматыда халықаралық сарапшылар онлайн бас қосуға қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сараптама – парақорлықтың алдын алудың тиімді құралы» тақырыбының төңірегінде әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоғамдық қорының мұрындық болуымен өткен жиында, халықаралық тәжірбие зерделеніп, еліміздегі жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының негізгі басымдықтары талқыланды.
«Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді мехинизмдерінің бірі қабылданатын нормативтік актілердің жобларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу. Ол дегеніміз нормативтік құқықтық актілері. Оның ішінде заңдар, жарлықтар қабылданғанға дейін оның мәтінін де сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын нормаларды анықтау», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі парасаттылық департаментнің директоры Ғалижан Асанұлы.