Биыл таксистердің табысы бес есе өскен

Биыл таксистердің табысы бес есе өскен
Ал, автобуспен 7 миллиардтан астам адам тасымалданыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтар автобустан қарағанда таксиде көбірек жүретіні анықталды. Бір жылда такси жолаушыларының саны 22 пайызға артқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Energyprom.kz сайтының мәліметінше, биыл 5 айда қаладағы электрлі көлікпен және автомобиль көлігімен 9,4 миллиард жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғы дәл осы кезбен салыстырғанда 2,6 пайызға артық. Қазақстандықтар жиі қолданатын көлік түрі – автобуспен 7 миллиардтан астам адам тасымалданыпты. Ал, такси атаулының табысы бірден бес есе өсіп, 2,4 миллиард теңгеден асып жығылған.

Қазақстанда автобуста жүру құны орташа есеппен – 76 теңге. Ірі қалалардың арасында Нұр-Сұлтан, Өскемен және Қызылорда тұрғындары көбірек төлеуге мәжбүр. Тіпті, Нұр-Сұлтанда картаңыз болмаса, 180 теңге төлейсіз.

2019 ж (5 ай)


2019 ж (5 ай)

(автобус, трамвай, тролейбус) – 9,4 млрд жолаушы тасымалданған 2,6%

автобус – 7,1 млрд жолаушы 2,2%

такси – 2,2 млрд жолаушы 21,8 %

Новости партнеров