Сириядан келгендер жеке түзеу мекемелерінде ұсталмайтын болды

Сириядан келгендер жеке түзеу мекемелерінде ұсталмайтын болды
Жалпы еліміздегі түрмелерде ислам радикализмінің 700-ге жуық жақтастары жазасын өтеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда экстремизм үшін сотталған 300-ге жуық адамды қайта тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы еліміздегі түрмелерде ислам радикализмінің 700-ге жуық жақтастары жазасын өтеп жатыр. Ол туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Экстремистік іс-әрекет пен терроризмге қарсы іс-қимылдың қылмыстық саясатын дамыту перспективалары» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелде айтылды. Сонымен қатар, Сириядан келгендердің  жеке түзеу мекемелерінде ұсталмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біз оларды бөлек жеке мекмеде ұстамаймыз. Жергілікті біздің мекемелердің бәрінде. Өйткені біз мекемеге бөлер алдында оның отбасылық жағдайына, отбасы қай жерде, соған неғұрлым жақын мекемеге орналастыруға тырысамыз. Біз «сен терроризм мен экстермизм қылмыс жасадың» деп бөлек мекемеге қамап ұстап отырған жоқпыз», – деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма басшысы Бекболат ШӘКІРОВ.

Шара барысында террористік топтармен байланысты адамдардың елдеріне қайтарылған кезде қылмыстық сот төрелігі барысында қиындықтардың туындайтыны айтылды. Оның ішінде балалар мен әйелдердің терроризмге қатысты қылмысты жасауда кінәлілік дәрежесін анықтау оңайға соқпайтыны талқыланды. Сондықтан есін жиып, есеңгіреп елге келгендерді оңалту, қылмыстық қысымдарды жеңілдету, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізу мәселелері сөз болды.

«Қазақстан экстремизмге қарсы сауатты, кешенді стратегия құрған. Онда әртүрлі шаралар қарастырылған. Мысалы, терроризм өршіп тұрған аумаққа түскендерді елге қайтару шарасы туралы атап өтуге болады. Дәлірек айтсақ «Жусан» операциясы барысында балалар мен әйелдер Отанына оралған», - деді БҰҰ Есірткі және қылмыс бойынша орталық азиядағы өңірлік өкілі Миттал АШИТА.

Новости партнеров