|
16.11.2021 | 16:47
644

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы басталды Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиын барысында Мемлекет басшысының Ұлттық кеңес аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарланғанын хабарлаған болатын. Отырыс кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтіп жатыр. Президенттің баспасөз қызметі Facebook желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырған. 

Айта кетейік, Ұлттық кеңес ұсынысымен 90-нан астам нормативтік-құқықтық акті, оның ішінде 20 заң қабылданды. Тағы 12 заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы уақытқа дейін Мемлекет басшысының қатысуымен кеңестің 5 отырысты өтті. Сонымен қатар ҚР Президенті Ұлттық кеңес мүшелерімен 28 жеке кездесу өткізді. 2020 жылы пандемия жағдайында Ұлттық кеңес мүшелерінің министрлермен онлайн кездесулері ұйымдастырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир