«Жұмыстан үйге жетуіміз мұң»: Наурызбай ауданының тұрғындары автобустардың жоқтығын айтып шағымданды

«Жұмыстан үйге жетуіміз мұң»: Наурызбай ауданының тұрғындары автобустардың жоқтығын айтып шағымданды
Жергілікті халық амалсыз жаяу жүруге мәжбүрміз деп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурызбай ауданының тұрғындары жолаушылар автобусын сағаттап тосуға мәжбүр. Айтуларынша, ауданға қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктер жүріс кестесін бұзады екен. Соның салдарынан жолаушылар діттеген жеріне уақытылы жете алмай, аялдамада ұзақ күтуге мәжбүр. Шыдамдары таусылғандардың жаяулатып жүруіне тура келеді. Бұл туралы «Алматы» телеарнасына шағымданған аудан халқы айтты.

- №118 бағыттағы автобустың жүрісі бұзылды. Кешке ерте тоқтап қалады. Біз жұмыстан, балалар сабақтан қайта алмай әлек. Ешқашан уақытылы келмейді, әбден тозып біткен автобустар. Таңертең де жұмысқа кешігеміз үнемі.

- Көкбазарға, Райымбек даңғылына баратын бірде-бір автобус жоқ. қаланың орталығына жұмысқа қатынайтындар да 2-3 автобуспен қатынайды.

- Автобустар біздің ауданнан қаланың барлық нүктесіне жүрсе екен дейміз. Тек бір ғана бағытта жүреді қазір. Абай көшесін бізге дейін созса екен деген тілек бар, - дейді Наурызбай ауданының тұрғындары.

Тұрғындарды толғантқан мәселелер шешіле ме? Бейсенбі күні 19:30-да Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғаев тікелей эфирде «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында бұл сұрақтарға жауап беретін болады.

Наурызбайлықтар мазалаған сұрақтарын қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, WhatsApp мессенджері арқылы жазбаша, аудио және бейне жазба ретінде жіберсе де болады. Сонымен қатар тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар

Новости партнеров