Құлжа тас жолы бойындағы көпір келесі жылдың соңында пайдалануға берілуі мүмкін. Құрылыстың ұзақ уақыт салынуына себеп айналасындағы жанармай бекеттері мен жеке сектордағы үйлер кедергі болып отыр. Мамандар қазір жер телімдерінің иелерімен келісіп, оларды біртіндеп сатып алып жатқанын айтты. Айта кетейік, қазіргі таңда Алматыда 3 көпірдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын ондағы жұмыс барысымен танысып келді.
Құлжа тас жолы мен Бұқтырма көшесі қиылысындағы көпір құрылысы өткен жылы басталған. Жоба аса күрделі дейді жауаптылар. Алдағы уақытта 3 деңгейлі жол айрығы болып пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, жерүсті жүргіншілер өткелін орнату жоспарланған. Қазір 160-тан астам жұмысшы мен 50-ге жуық арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Құлжа тас жолы бойындағы көпір құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, көпірдің ұзақ уақыт бойына салынуына себеп - айналасындағы жанармай бекеті мен жеке сектордағы үйлердің кедергі келтіруі. Қазір көпір құрылысының еркін жүргізілуі үшін мына жеке сектордағы үйлердің бәрін сүріп тастауы керек екен. Жер иелерінің бірі оған рұқсатын берсе, енді бірі келіскісі жоқ.
Көпір пайдалануға берілсе, бәрінен бұрын Құлжа тас жолындағы кептелсі сейілмек. Себебі осы күре жол арқылы қалаға қатынайтын көліктердің саныда едауір. Жүргізушілер орталыққа кіріп шығу үшін 2-3 сағат уақыт кетеді дейді.
БЛИЦ:
- Таңертең мына жерде кептеліс. Сағат 07.00-ден бастап 09.00-ға дейін. Таңертең мына шеті кептеліс, кешке
- Таңертең 06.00-да тұрамыз. Жұмысқа 9.30- да жетеміз. 3 сағат жолда кетеді ғой. Жолда кептеліс ары-бері.
Бүгінде Алматыда ресми тіркелген 550 мың көлік бар. Оған сырттан келетін 200 мыңнан астамын қосқанда күніне орта есеппен 600 мың автокөлік қозғалады. Ал, Рысқұлов пен Емцов көшесі қиылысында да көлік кептелісін жою үшін көпір салынып жатыр.
БЛИЦ:
- Кешке қарай қадаласың ғой ылғи. Ертеңгісін басталады кептеліс.
- Көп жиі болатын кептеліс осы Рұсқұловтың бойы, Төле бидің бойы, сосын Райымбек пен Петрованың бойы.
Одан бөлек, Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан ақын Сара көшесіне дейін қосу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Ол жерде 3 шақырымнан асатын 6 жолақты жолға тротуар мен велосипед жолдары да жасалады.
«Бұдан бөлек, Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында да көпір салу жұмыстары белсенді жалғасуда. Оның айналасындағы жер телімдері иелерімен ешқандай мәселе болмаса, көпір құрылысы келесі жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек, алдағы жылы да жоспар ауқымды. Қала іргесінен шалғай жатқан 5 шағын ауданда жол құрылысы басталады», – деді қалалық Мобилділік басқармасының бөлім басшысы Асан Бостанов.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін ұзындығы 200 шақырым болатын 283 көшеге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталады. Қазір 85 пайызы бітіп тұр дейді мамандар. Айта кету керек, бұл жолы шеткі аудандардағы жолдарды жөндеуге басымдық берілген.
Ұлағат Арғын, Рашид Шүкіралиев, «Алматы» арнасы