|
12.11.2020 | 22:30
5717

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Нұрсұлтан Назарбаев атындағы зал ашылды

Алдағы уақытта бұл орталықта түрлі ғылыми конферециялар мен жиындар да өтетін болады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Нұрсұлтан Назарбаев атындағы зал ашылды Almaty.tv

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  Нұрсұлтан Назарбаев атындағы зал ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ағартушылық орталықта Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы кітаптар мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тарихи зерттеулерден тұратын материалдар жинақталған. Сонымен қатар, келушілерге Елбасының мектептегі және студенттік жылдардағы фотосуреттері, еңбек жолы мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мұрағаттық құжаттар мен бейнефильмдердің көшірмелері ұсынылды. Алдағы уақытта бұл орталықта түрлі ғылыми конферециялар мен жиындар да өтетін болады.

«Өткен аптада біз Білім және ғылым министрінің қатысуымен әлемнің жетекші университеттеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдан бастап, 2018 жылға дейінгі дәрістерін таныстырдық. Сіздер әр дәрістің қандай маңызды екенін білесіздер ме? Бұл экономикалық даму жолы мен тұнған тарихи фактілер», – деді ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир