Алматылықтар әкімнің қаладағы атқарған жұмыстарына оң баға берді

almaty.tv
almaty.tv
49 көшедегі жолдарды жөндеу аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атқарылған жұмыстар туралы ОКҚ алаңында айтқан баяндамасына оң баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғындар ретке келген көшелерді жарықтандыру, тұрғындарды сапалы ауызсу, табиғи газ, жылумен қамту сынды көптеген түйткілдердің өз шешімін тапқанына қуанышты. Айта кетейік, жыл басынан бері 40,5 км сумен жабдықтау және 12,5 км кәріз желілерін тарту жұмыстары жүргізілді. Ал, 49 көшедегі жолдарды жөндеу аяқталды. Сондай-ақ, биылғы жылы 601 көше жарықтандырылады. Осыдан кейін Алматы көшелерін жарықтандыру деңгейі 100%-ға дейін жетеді.

«Алматының көркейіп жатқанын көріп жатырмыз. Керемет, көрсем енді көзім тоймайды. Әкімнің жұмысына оң баға беремін. Алматы қаласы тарихи қала саналады. Сондықтан оның көркейіп, өнгеніне өзім де қуаныштымын. Көркейе берсін, өне берсін. Өзіміздің де ұрпағымыз өсіп келе жатыр. Осы ұрпағымыз үшін Қазақстанның дамуы бізге де оң ықпалын береді», – деді қала тұрғыны Айман Сламжанова.

«Қала әкімінің жасап жатқан жұмысының бәріне көңілім толады. Жолдар төселіп, бағандар қойылып жатыр. Асты-үстінен өтетін жолдар жасалып жатыр. Енді оның барлығы уақыт. Барлығы жақсы. Алматы қаласының әкімінің жұмысына көңіліміз толады», – деді қала тұрғыны Гүлнар Шолпанбаева.

Новости партнеров