ХХІ ғасырда рухани құндылықтарымыз бәрінен биік тұру керек. Осындай үндеумен жазушы Оразалы Сәбденнің «Ойлы кітап» атты туындысы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шығарманың тұсаукесеріне белгілі қазақ жазушылары мен ақындары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Автор өз кітабын − қоғамды жаңғырту ілімі деп бағалайды. Туындыда 40 түрлі ой жазылған. Бүгінде экономист-ғалымның 85-ке жуық кітабы жарық көрген.
«Әлем өзгеріп жатыр. Дүниежүзі күрт өгерістерге ұшырап отыр. Руханиятсызданып бара жатырмыз. Мына капитализм дегеннің соңында ақшаны қуып кетіп бара жатырмыз. Осының бәрі жиналып келгенде қоғам жаңғыруы керек деген ойға келдім. Қоғам жаңғыруы үшін қазақ елі, қазақ мемлекеті білімді ел болуы керек. Білімді ел ғана өркениетке өрлейді», − деді экономист-ғалым, жазушы Оразалы Сәбден.
Жаңа кітапта қазіргі әлем мен Қазақстандағы рухани жетілу және білім саласындағы өзекті мәселелер айтылған. Әсіресе, қазақ қоғамының жаңа технологиялар заманында заттай құндылықтарға бет бұрып, рухани дамуды ұмыт қалдырғаны толық баяндалады.