Jas Otan жастар қанаты үш жоғары оқу орнының жатақханаларын тексерді

Jas Otan жастар қанаты үш жоғары оқу орнының жатақханаларын тексерді
Екінші реттік тексеру кезеңіне дейін айтылған олқылықтың бәрі де түзетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Jas Otan жастар қанаты Алматыдағы 3 жоғары оқу орнының жатақханаларын тексерді. Олар – Қайнар Академиясы, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық және Алматы университеті. Ақпан айында басталған мониторинг жұмыстары нәтижесінде шаһардағы 96 жатақхананың 60 пайызы толықтай дерлік тексерістен өткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мониторингтің бірінші кезеңінде көптеген жатақханалардың санитарлық нормаларға, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтіні анықталған еді. Нәтижесінде оқу орындарының басшылығына кемшіліктерді жою бойынша ескерту жасалған. Екінші реттік тексеру кезеңіне дейін айтылған олқылықтың бәрі де түзетілді. Жатақханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асүйлер мен жуыну бөлмелерінің саны артқан. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілмек.

«Қаламыз бойынша сол мониторингтің нәтижесінде көптеген кемшіліктер табылған осы 3 университет болатын. Оның екеуі жекеменшік университеттер, бірі осы ұлттық университет. Бізде мына «естуші мемлекеттің» осы жерден көрініс тауып, орындалып отыр деуге болады. Университет басшылығы немқұрайлы қарамай, керісінше осы біздің айтқан кемшіліктердің барлығын түзетуге бар күш-жігерін арнауда», – деді  Jas Otan жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов.

Новости партнеров