|
15.02.2021 | 17:07
1327

Құрманғазы оркестрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 концерт өткізеді

Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің құрылғанына биыл 88 жыл

Құрманғазы оркестрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 концерт өткізеді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту. Мерейлі мерекеге орай Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінде «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты кеш өтті. Іс-шараға Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солистері, Халықаралық конкурстардың лауреаттары қатысып, егемендік жылдары жазылған шығармаларды орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің құрылғанына биыл 88 жыл. Өнер ұжымы осы уақытқа дейін барлық деңгейдегі мәдени іс-шараларға белсене атсалысып, қазақ өнерін асқақтату үшін тер төгіп келеді. Олар тек отандық композиторлардың туындыларын ғана емес, әлемдік шығармаларды да ұлттық аспаптардың қоңыр үнімен үйлестіріп, шебер орындайды. Құрманғазы оркестрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 30 концерт өткізуді жоспарлап отыр.

«Құрманғазы оркестрі осы концертті тәуелсіздіктің 30 жылдығымен ашып отыр. Биылғы 21 жылы осы Құрманғазы оркестрінің бірінші концерті. Енді тәуелсіздікке жоспарлаған шаралар көп. Алдағы жоспарларымыздың ішінде осы тәуелсіздіктің 30 жылдығына Қазақстан ішінде 30 концерт берсек деген жоспарымыз да бар», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир