Амангелді Таспихов алматылық сайлаушылармен еңбек қауіпсіздігі жайлы сөйлесті

Амангелді Таспихов алматылық сайлаушылармен еңбек қауіпсіздігі жайлы сөйлесті
Үміткер «Қауіпсіз еңбек» жобасын үкіметтік деңгейде қабылдатуға күш салмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қауіпсіз еңбек – нәтижелі жұмыс кепілі. Амангелді Таспихов Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездесуде еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша кәсіподақ ұйымдарының қолға алып жатқан жаңа жобаларымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өндіріс орындарында болатын оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияда кәсіподақ өкілдері міндетті түрде болуы керек. Бұл сол мәселе бойынша тергеудің ашық әрі әділ өтуіне септігін тигізеді. Өйткені көптеген ұжымдардағы еңбек дауларының басым бөлігі бүгінде  жұмыс берушінің пайдасына шешіледі. Сондықтан президенттікке үміткер Амангелді Таспихов «Қауіпсіз еңбек» жобасын үкіметтік  деңгейде қабылдатуға күш салмақ. Ал жобаны республикалық кәсіподақтар қауымдастығы әлі де жетілдіріп жатыр.

«Жылда 1500 адам жұмыс орнында жарақат алып, мүгедек болып қалады. Көбінің халі мүшкіл. Бізде осындай жандардың әрі қарайғы өмірге бейімделуіне мүлдем жағдай жасалмаған. І топтағы мүгедек болғанның өзінде, алатын жәрдемақылары мардымсыз – 30 мың теңгенің төңірегінде ғана. Сондықтан біз оларға жұмыс тауып беріп, жәрдемақыларын заңды түрде реттеп, жаңа өмірге бейімделуіне жағдай  туғызуымыз керек. Бұл – өз алдына үлкен бір мәселе. Бүгінде жұмыс берушілер мұндайға бас та қатырмайды. Сондықтан біз осы мәселелерді заңды түрде реттеу керек деп ұсыныс айтып жатырмыз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Амангелді ТАСПИХОВ.

.

Новости партнеров