Жазушы Сәуле Досжанның «Үзілмеген үміт» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Жазушы Сәуле Досжанның «Үзілмеген үміт» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті
Қаламгер 20 ғасырдың ортасында қазақ даласында жарылған Семей ядролық атом бомбасының зардаптарын шебер суреттеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еңбек сіңірген қайраткер, белгілі ақын-жазушы, журналист  Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» туындысының жалғасы ретінде «Үзілмеген үміт» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаламгер 20 ғасырдың ортасында қазақ даласында жарылған Семей ядролық атом бомбасының зардаптарын шебер суреттеген. 1000 тиражбен шыққан 26 тараудан тұратын кітаптың басты кейіпкері әдеттегідей Аяулымның образымен жалғасады. Автор алдағы уақытта басқа тілдерге де аударылатынын айтады.

«Қазақтың қасіретін әлем білсе деймін. Ол мен үшін ғана емес, ұлтым үшін керек. Ұлтым жапондардан кем бе, беларустардан кем бе. Неге менің ұлтымның қасіреті айтылмауы керек? Неге оны әлем білмеуі керек? Әлем білсе деп айқайлап жатырмыз. Махамбет атам ұқсап ақырып теңдікті сұрап жатырмын әлемнен», – деді жазушы Сәуле Досжан.

Новости партнеров