Ақ қанға шалдыққан Гүлдана Келтірбай жалғыз баласының тағдырына алаңдайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ота жасау үшін 10 миллион теңге керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ауруды елемей, асқындырып алдым». 5 жылдан бері дерті меңзеп, ем іздеген Гүлдана Келтірбай жалғыз баласының тағдырына алаңдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алып шаһарға үлкен үмітпен келген оның арманы – аурудан айығу. 

Алматыға оқуға келген Гүлдана алғашында ақ қан ауруына шалдыққанын білмепті. Басында тұмаудың беті қайтар деп ойлаған ол күн санапаурудың асқынғанын байқайды.  

«Қызыңыз ауырды. Қатты ауырып қалды, колледжде»деп хабарласты апайы. Ангинасы бар еді суық сусын ішіп қойды- ау деп ойладым», – деді Гүлдананың әпкесі Гүлнар Байділдәева.

Гүлдананың айтуынша, бір ауру бар ауруды қозғап жатыр. Ол қазір сыртқа шығуға, көп көзіне көрінуге ұялады. 1-курста дертке шалдыққан соң, оқу да аяқсыз қалған.  

«45 күн жатқанда балам қиналды. Өзім де қиналдым. Алла неге мені қинады? 18 жасымнан бастап ауырып жатырмын», – деді науқас Гүлдана Келтірбай.

Дәрігерлердің айтуынша, жілік майын ауыстырса дерттің емі табылады. Гүлданаға туған інісі донор болады. Бәрі дайын десек те, қаражат әзірге қолбайлау болып тұр.

«10 млндай жиналса, басындағы емге жетеді» деген дәрігер. Бұйырса, бәрі жақсы болсын деп күнде Алладан тілеп жатырмын. Халқым көмектесіп жіберсе», – деді науқас Гүлдана Келтірбай.

Кейіпкер бәрінен бұрын 3 жастағы баласының тағдырына алаңдайды. Бар бақытын баладан тапқан ол өмір сүру үшін қолдан келгенше күресіп келеді.

Мадина Оқас, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров