Қазақстан генералдары жайлы 4-кітап жарық көрді

Қазақстан генералдары жайлы 4-кітап жарық көрді
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Генералы Великой степи» атты кітаптың тұсауы кесілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда генералдар кеңесі өткізіліп, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Генералы Великой степи» атты кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының мұрындық болуымен өткен шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ұйым мүшелері және былтыр әуе апаты кезінде қаза болған отставкадағы полиция генералы Рүстем Хайдаровтың туыстары қатысты. Жалпы бұл Қазақстанның генералдарына арнап шығарылған 4-кітап екен.

«2006 жылы  «Қазақстан генералдары» деп бірінші кітап шығарғанбыз. 2013 жылы екінші кітап. Ал, 2016 да үшінші кітап шықты. Бұл осымен төртінші кітап, мұнда 700-ге жуық генералды кіргіздік», – деді «Генералдар кеңесі» РҚБ президиум төрағасы Махмұт Телеғұсов.

600 беттен тұратын кітап, 700 таралыммен жарыққа шыққан. Мұнда қазақ тарихында аты қалған  Сағадат Нұрмағамбетов, Рүстем Хайдаров секілді генералдардың өмірбаяны жазылған.

«Бұл кітапты жарыққа шығару үшін 5 ай уақыт кетті. Бізге осы уақыт аралығында қажетті ақпарат табуға көмек берген Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық Ұланға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта әскери кітапты қазақ тілінде жарыққа шығару ойда бар», – деді кітап авторы Гүлсара Кеңбаева.

Новости партнеров