|
20.11.2020 | 17:21
1092

Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дүниежүзілік балалар күні екенін еске салды

Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет – Президент Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дүниежүзілік балалар күні екенін еске салды. Бұл туралы ел басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет», – деп жазды Президент.  

Айта кетейік, 1954 жылы Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы «Дүниежүзілік балалар күнін» барлық елдерде мерекелеуді ұсынды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир