Саясаттанушы Самат Нұртаза: Халық өз таңдауын жасаса, нәтижесі жақсы болады деп сенемін

turkystan.kz
turkystan.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әкімдер сайлауы ауылдағы ағайынның саяси белсенділігін арттырады. Сарапшылардың пікірі бойынша, саяси партиялар ұсынған үміткер мен өзін-өзі ұсынған кандидат арасындағы бәсекелестік халықтың тұрмыс сапасын жақсартады. Саясаттанушы Самат Нұртаза халық өз таңдауын жасаса, нәтижесі жақсы болатынына сенімді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл – мемлекеттің жасап отырған тесті. Яғни, ауыл әкімдерінің сайлауы жақсы өтсе, онда ертең аудан әкімдерінің ары қарай қала, облыс әкімдерінің сайлауына өтуге болады. Демек, өз басым бір мүмкіндік деп есептеймін. 700-ден астам ауылымыз бар, әрине кейбір ауылдарда кемшіліктер болуы мүмкін. Жалпы алғанда, кемі 500 ауылдың әкімдерін өздері сеніп сайласа, онда ертең нәтиже болады деп есептеймін», – деді Самат Нұртаза.


Новости партнеров