Атыраулық оқушы халықаралық STEM олимпиадасының күміс медаліне ие болды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраулық оқушы халықаралық STEM олимпиадасының күміс медаліне ие болды, деп хабарлайдыAlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған білім сайысында 95 елден 7 695 оқушы бақ сынаған.

«Үш бағытты қамтыған халықаралық STEM олимпиадасы екі кезеңмен өтті. Бірінші кезеңінен өткен оқушылар ақтық сынға онлайн форматта қатысты. Атыраудағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әділ Сұлтанов халықаралық STEM олимпиадасына қатысып, екінші орынды иеленді. Ол 7-сыныптан бері информатика пәнінен түрлі олимпиадаға қатысып жүр. Бұрын республикалық білім сайысынан күміс, халықаралық олимпиададан қола медальге ие болып, Еуразиялық доданың екі мәрте жеңімпазы атанған», - делінген хабарламада.

Новости партнеров