Ақтауда үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсіп қалды
Фото: lada.kz
Видеода түлкі үйден шығу жолын іздеп қабырғаға жабысып тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтаудағы үйлердің бірінде жабайы жануар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жабайы түлкі 6 наурызда «Сандықтас» тұрғын үйінде жүрген. Оның үй кіреберісінде қалай пайда болғаны белгісіз.
Видеода түлкі үйден шығу жолын іздеп қабырғаға жабысып тұр. Видео авторлары түлкіні сыртқа шығарған.
Болған оқиғаға қатысты «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин пікір білдірді.
«Оны біреу пәтерде ұстап, ол қашып кетіп не оны жібере салғандары екіталай. Егер ең соңғы үй болса, ол аштан айдаладаг қашып келген болуы мүмкін», – дейді Осин.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33