«Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында Талғар ауданында сервистік әкімдік ашылды. Орталықта 8 мекеме жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бір ғимараттың ішінде тұрғындар 71 мемлекеттік қызмет түрін алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау нысанында «Жетісу – адалдық алаңы» жобасымен жабдықталған азаматтарды қабылдау кабинеті де орналасқан. Онда аудан әкімі мен мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізед.
«Халыққа жақын болу үшін, ашық болу үшін, парасатты болу үшін, әділдігімізді көрсету үшін жасалды. Бәрі осы Талғар ауданында 84 мемлекеттік қызмет жасалған екен және де 11 бөлімшелер бар. 8 бөлімше осы жерден қызмет қабылдай алады», – деді Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әлия Жақсылықова.