Jas Otan жастар қанатының 12 белсендісі «Жас тәртіп сақшысы» куәлігіне ие болды

Jas Otan жастар қанатының 12 белсендісі «Жас тәртіп сақшысы» куәлігіне ие болды
Бұл куәлік белсенділердің тәртіп сақшыларына жәрдемдесіп, қоғамдық тәртіпті сақтап, құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалалық Jas Otan жастар қанатының 12 белсендісі полицияның қоғамдық көмекшісі екенін растайын куәлікке ие болды. «Жас тәртіп сақшысы» атты құжатты жастарға жергілікті полиция басқармасының өкілдері салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл куәлік белсенділердің тәртіп сақшыларына жәрдемдесіп, қоғамдық тәртіпті сақтап, құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Бәріміз білеміз, Алматы – жастардың қаласы, жастар мегаполисі. Сол себепті біз осы полиция қоғамдық  басқармасына көмекші болып, өзіміздің қоғамға бір пайдамызды тигізсек дегенбіз. Енді біздің басты мақсатымыз – жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, рейдтік іс-шаралар өткізу», – деді Jas Otan жастар қанатының топ жетекшісі Дулат Сайлауов.

Новости партнеров