|
07.09.2024 | 17:28
135

Көшпенділер ойындары кезінде 400-ге жуық шетелдік БАҚ хабар таратады

Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді

Көшпенділер ойындары кезінде 400-ге жуық шетелдік БАҚ хабар таратады Almaty.tv

Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан шамамен 400 шетелдік БАҚ хабар таратады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 70 елдің 1285 медиа өкілінен өтініш түскен. Оның ішінде 933 қазақстандық, 352 шетелдік журналистер. Олардың арасында CNN, BBC, Euronews және т.б. әлемдік жетекші ақпарат құ­ралдарының өкіл­д­ері де бар.

«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде «Қазмедиа» орталығында баспасөз орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта ашылу салтанатынан тікелей эфир көрсетіледі. Әлемдік стандарттарға сай көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына БАҚ өкілдері қатыспайды. Ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні 19:00-де басталады», - делінген хабарламада.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Оның ішінде, жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын адамдар кіреді.

Оқи отырыңыз: Елдос Сметовке тағы бір пәтер сыйға тартылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир