Наурызбай ауданында Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті

Наурызбай ауданында Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті
Мерекелік жиынға жыр алыбының шөбересі Мұратхан Жамбылов арнайы қонақ боп қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халық ақыны, ұлт мақтанышы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, бүгін Наурызбай ауданындағы №200 мектепте ақынның шығармашылығын дәріптеген іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік жиынға жыр алыбының шөбересі Мұратхан Жамбылов арнайы қонақ боп қатысты. 

«Халыққа рақмет! Батырын, ақынын біздің қазақ халқы ешқашан ұмытпаған. Орны төрде болған әрқашан. Шақырып жатыр талай жерге. Мектептерде, ауылдарда онлайн болса да өтіп жатыр. Рақмет дейміз. Халық Жамбылды ұмытпайды, ал Жамбыл атам халықтың мұң-мұқтажын жырлаған адам ғой»,– деді Ж.Жабаевтың немересі Мұратхан Жамбыл.

Наурызбай ауданының ардагерлер кеңесі өкілдерінен құралған "Арай" ән тобы көрермендерге музыкалық қойылым қойды. Ал ақынға арнаған жырын сахна төрінде оқыған оқушылар аталған іс-шараны әлі де жалғастыра береміз дейді.

«Бүгін ұйымдастырылған шара өздеріңіз білесіздер, елдегі жағдайға байланысты онлайн өтіп жатыр. Бүгін енді санитарлық талаптарды сақтап, офлайн өткіздік. Ақындыққа жақын деген 15 оқушыны, атамыздың тікелей ұрпағы Жамбылов Мұратхан атамызды ғана шақырдық. Бұл шара жыл бойы жалғасын таба береді»,– деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.

Новости партнеров