|
07.11.2021 | 17:58
4858

Каспийде жоғалып кеткен балықшылар төрт күннен кейін табылды

Балықшылар Жанбай ауылынан 50 шақырым қашықтықта жүрген – байланысқа өздері шықты

Каспийде жоғалып кеткен балықшылар төрт күннен кейін табылды © Photo : СС0 / chanwit whanset

Атырау облысында 3 қарашадан бері іздеуде болған балықшылар табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап.

"Амангелді" және "СефКаспийФиш" ЖШС-ның төрт балықшысы сәрсенбі күні металл қайықпен теңізге шығып, төрт күн бойы хабар-ошарсыз кеткен.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті олардың басшыларына телефон арқылы хабарласқанын жеткізді.

"Осы жылдың 7 қарашасы күні сағат 09:30-да балықшылар ұялы телефон арқылы басшыларына аман-сау екенін, көмекке мұқтаж емес екенін хабарлаған. Олар Жанбай ауылынан 50 шақырым қашықтықта жүрген", – деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздікті сақтау іс-әрекеттерінің алгоритмін еске салды:

қайығыңыздың жағдайын тексеріңіз;

құтқару кеудешесін алуды ұмытпаңыз;

қайығыңызға артық жүк салмаңыз;

қайығыңыз абайсызда аударылған жағдайда қайықты ұстап тұрып, қайраңға жүзуге тырысыңыз;

төтенше жағдай болғанда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир