|
28.10.2020 | 17:50
947

Алматы зообағында ерекше балаларға арналған жаңа жоба іске қосылды

Жобада әртүрлі тақырыптағы 6 танымдық сабақ қарастырылған

Алматы зообағында ерекше балаларға арналған жаңа жоба іске қосылды

Алматы зообағында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жоба іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар енді хайуанаттар бағындағы жуас жануарларды сипап, тіпті, тамақтандыра алады. Мамандар осылайша кембағалдардың қоршаған ортаға деген махаббатын оятуға болады дейді. Жалпы жобада әртүрлі тақырыптағы 6 танымдық сабақ қарастырылған. Ұйымдастырушылар пандемия кезінде сақтық үшін балаларды топқа бөлген.

«Біздің зообақта жаңадан ашылып жатқан бағдарлама. Ол – мүгедек балалармен жұмыс істеу. Бұл бағдарламаны біз ойлап тапқан жоқпыз. Негізі зообақтардың көбісінде жүреді. Біз былтырдан бері осы жұмысты бастадық. Карантин кішкене жеңілдетілгеннен кейін балалар өздері звондап, сұранып, осындай сабақтарға қатысайықшы деп сол үшін жалғастырдық», – деді Алматы хайуанаттар бағы даму бөлімінің меңгерушісі Ақжәми Рахимова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир