Екі бүйрегі де істемейді: 27 жастағы алматылық донор іздейді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазақстанда 3,5 мыңнан астам адам ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 3,5 мыңнан астам адам ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр. Ал ең көп сұранысқа ие орган – бүйрек. Ел бойынша 3148 ересек пен 65 бала бүйрекке жасалар отаға зәру. Бұл қатарда бір ағзасын ауыстырғанымен, дертіне дауа таппаған Әнуар Жақыпбек те бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2 жыл бұрын ойда жоқта өмірі ойран болған Әнуардың қазір екі бүйрегі де істемейді. 27 жастағы жігіт керек емнің бәрін алғанымен, шеттен донор іздеуге мәжбүр. Оған әрине, қыруар қаржы қажет. Ал апта сайын алатын диализі басқа дене мүшелеріне кері әсер етіпті.  Әнуардың күнделікті ішетін дәрілері құлан таза айығып кетуге емес, әрмен қарай ауырып қалмауға ғана көмектесе алады. Бұдан бөлек, аптасына 3 рет 4 сағаттан алатын гемодиализ тағы бар.

Ағзаны ауыстыру қажеттігі туғанда Әнуарға әкесі бір бүйрегін берген. Алғашында бәрі дұрыс болғанымен, отадан соң бүйректің жұмысы бұзылыпты.

«2020 жылдары басында қиын болған. Больницаға түскенде, хабарын білгенде есімнен айырылып қалдым. Сосын... Өмірден қатты түңілдім. Бірақ  мама-папам, әпкем қасымда болғаннан кейін қалыпты қабылдай бастадым», – деді  Әнуар Жақыпбеков.

«Енді бала да инвалид болып қалды, жолдасым да инвалид. Әкесі бүйрегін берген соң ойладық, бәрі оңынан болып, жүріп кетеді ғой деп. Олай болмады. Енді не істейміз, шырылдадық та қалдық...», – деді Әнуардың анасы Бибігүл Жақыпбекова.

Әнуардың арманы - әнші болу. Әжептеуір ән айтып, қазірдің өзі әлеуметтік желіде таныла бастапты.

Әнуар да үмітім үзілмейді, күн мен айым қайта жарқырайды деп сенеді. Көптің көмегіне мұқтаж жанға қол ұшын созам деген көрермен үшін реквизитті қалдырдық.

Kaspi Bank: 4400 4301 9237 9466

+7 777 013 48 95 Әнуар Ж.

Мадина Оқас, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы  

Новости партнеров