Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады
Depositphotos.com
Бұл айда 11 демалыс күні бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандықтар мамырда үш мерекені атап өтеді. Соның арқасында бірнеше күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«ҚР мерекелері туралы» заңның 3-бабына сәйкес, мамырда қазақстандықтар үш мерекені тойлайды:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр – Жеңіс күні.
2024 жылы демалыс күндерін ауыстыру жөніндегі ұсынысты ҚР еңбек кодексінің негізінде жасаған. Құжатқа сәйкес, жұмыс уақытын тиімді қолдану үшін мереке күндері мен демалыс күндері құзыретті орган демалыс күндерді өзге жұмыс күніне алмастыруға құқылы.
Осылайша, жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады:
- бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2-3 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс;
- алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс, 12 мамыр – демалыс.
Оқи отырыңыз: Кәсіпкерлер «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдауға шақырды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
16.09.2026 09:01
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37
Алматының 120 спортшысы XX жазғы Азия ойындарына қатысады
15.09.2026 09:35