Жер сілкінісі кезінде іс-әрекет алгоритмі қалай болуы керек - маман пікірі

Almaty.tv
Almaty.tv
Үкімет отырысында Премьер-министр "сейсмикалық қауіпті өңірлерде оқу-жаттығуларды жиірек өткізу керек" деді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Үкімет отырысында Премьер-министр "сейсмикалық қауіпті өңірлерде оқу-жаттығуларды жиірек өткізу керек" деді. Мамандар да халықтың байбаламға салынып, жалған ақпаратқа сенбеуі үшін олардың төтенше жағдай кезіндегі сауаттылығын арттыру қажет екенін айтты. Мегаполистегі дүмпуден қандай сабақ аламыз? Халықтың іс-алгоритмін қалай өзгертуге болады? Осыжәне өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы белгілі профессор, геология-минералогия ғылымдарының докторы Әлқуат Нұрмағамбетов жауап береді.

– Зілзалаға дайын болу үшін оқу-жаттығуларды қаншалықты жиі жүргізген жөн?

– Алматы қаласының сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын еске алсақ, мұндай сейсмологиялық жаттығуларды жүргізудің маңызы зор. Үздіксіз жүргізілу керек. Бір ғана жаттығу жүргізіп, келесі жер сілкінісіне дейін тоқтатып қоюға болмайды. Негізгі мақсат – халықтың сейсмикалық сауаттылығын арттыру. Халық "жер сілкінісі деген не, қалай болады, қай жерде аман қалуға мүмкіндік болады, зілзала кезінде үйде, далада, қызмет орнында не істеу керек?" деген сұрақтардың жауабын білуі тиіс. Кешегі жер сілкінісі кезінде бұл салада әлі де көптеген жұмыс жүргізілуі қажет екені белгіл болды.

– Іс-әрекет алгоритмі қалай болуы керек? Халыққа түсіндіру жұмыстарын қалай жүргізген жөн?

– ТЖМ-де дайындалған сценарийлер болуы керек. Дегенмен ол сценарийді бүгінде қайта қарап, толықтыру керек. Алдымен "жер сілкінісі қай жерде болды, магнитудасы қандай болды" деген деректерді еректі тез арада бағалап, халыққа жеткізу қажет. Бірден далаға жүгіріп шыққанда далада тұрған дұрыс па, әлде ішке қайта кірген дұрыс па, осының бәрі толық жазылуы керек. Салаға кімдердің жауапты екені көрсетілуі керек. Сонда ғана біздің жер сілкінісі салдарын азайтуға мүмкіндігіміз болады.

Новости партнеров