Кейуананың ақшасын қайтарып берген таксист: Денем тітіркеніп кетті

Фото: pinterest.com
Фото: pinterest.com
Алматыда таксист көлігінде ұмыт қалған 1,5 млн теңге мен бағалы бұйымдарды өз иесіне қайтарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлігінде ұмыт қалған 1,5 млн теңге мен бағалы бұйымдарды өз иесіне қайтарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Кешелі бері әлеуметтік желіде алматылық 23 жастағы Бекарыс Әлімнұр әжейдің таксиде қалдырылған 1,5 млн теңге ақшасы мен алтын бұйымдарын қайтарып берген видеосы желдей тарап кетті.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні қала тұрғыны Алматыда екі қарияны үйіне алып барған. Кейінірек жас жігіт жолаушылардың қомақты ақша мен бағалы зергерлік бұйымдары бар шабаданын көлікте ұмытып кеткенін көреді.  

Бүгінде Бекарыс Әлімнұр техникалық-экономикалық колледждін тәмамдаған. Қазір жиһаз компаниясында менеджер болып жұмыс істейді. Бос уақытында такси жүргізушісі болып қосымша ақша табады екен.    

«Әрине, басында ірі сомадағы ақшаны, алтындарды көріп, біртүрлі сезімде болдым, тіпті, денем тітіркеніп кетті. Кейіннен қарыздарымнан құтылып алсам ба деген ойдың жылт еткені рас. Алайда ол кісілердің түр-әлпеті көз алдымда тұрғандықтан, қайтару керек деген мақсат болды. Сосын отбасымызбен ойымыз бір жерден шығып, ақшаны қайтару үшін жолаушыларды іздестіре бастадық», – дейді қала тұрғыны Бекарыс Әлімнұр.

Новости партнеров